Петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы Қазақстан чемпионаты қайта басталғаннан кейінгі ойындарды жергілікті «Қарасай» стадионында өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі инстаграм желісіндегі ресми парақшасында жазды.

- Қазіргі уақытта «Қарасай» стадионында алаңды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. OLIMPBET – Футболдан Қазақстан Чемпионаты жалғасын тапқаннан кейін алғашқы ойынды өз аланымызда өткізетін боламыз, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 3-туры аясында «Қызыл-Жар» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдауы керек.