ПСЖ футбол клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе үлгі тұтатын үздік ойыншыларды атады, деп жазады Prosports.kz.

Англиялық басылымға берген сұхбатында Мбаппе «Реал» бапкері Зинедин Зидан мен «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуды үлгі тұтатынын айтты.

- Ең алдымен Зиданға құрметім шексіз. Ол Франция құрамасымен керемет жетістіктерге жетті. Содан кейін Роналдуды құрметтеймін. Ол да көптеген жүлделер мен жеңістерге қол жеткізді. Мен де футбол тарихында өзіме тән атымды қалдырғым келеді, - дейді Килиан.