Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділовтің келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

BoxRec порталының мәліметінше, қазақстандық спортшы 17 шілде күні Американың Майами қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Серік Мұсаділов соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қараша айында өткізген еді.