Бұрынғы футболшы Милян Мрдакович өзіне қол жұмсады, деп жазады Prosports.kz.

38 жастағы сербиялық ойыншы Белградта жалға алынған пәтерде өзін-өзі атып өлтірген.

Мрдакович мансабында «Андерлехт», ОФК, «Гент», «Ред Булл» (Зальцбург), «Металлист», «Маккаби» (Тель-Авив), «Витория» (Гимарайнш) қатарлы клубтарда доп тепкен. Сербия құрамасы сапында 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.