«Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола шетелде доп тебетін ең қымбат украиналық ойыншылардың тізіміне енді, деп жазады Prosports.kz.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Эсеоланың трансферлік құны 2,5 миллион еуро. Шетелде өнер көрсететін ең қымбат украиналық футболшы - Александр Зинченко («Манчестер Сити»). Екінші орынға Руслан Малиновский («Атланта»), ал үшінші сатыға Андрей Ярмоленко («Вест Хэм») жайғасқан.