Испания чемпионаты 11 маусымда қайта жалғасады. Бұл туралы Испания футбол федерациясының президенті Хавьер Тебас мәлімдеді.

Чемпионатты қайта жалғастыруға ел үкіметі рұқсат еткен. Дәл сол күні «Севилья» мен «Реал Бетис» командалары кездеседі.

Әзірше 27 туры ойналған Испания чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 12 наурызда тоқтаған болатын.