Вьетнам әлемде бірінші болып жанкүйерлердің футбол матчтарына кіруіне рұқсат берді, деп жазады Propsorts.kz.

Ел кубогының 1/16 финалы аясында өткен «Нам Дин» - «Хоангань Зялай» матчы 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Үзілістен кейінгі алғашқы ойынға жанкүйерлер алаң жиегінен қолду көрсетті.

Осылайша, Вьетнам көрермендердің қатысуымен маусымды қайта бастаған алғашқы ел атанды. Өзге турнирлер үзілістен кейін қайта жалғасқанымен, көрерменсіз өтіп жатыр.