Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Covid-19 індетіне байланысты жарыс кестесін жаңартып жатыр.

2020 жылдың көктемінде Португалия астанасы Лиссабонда өтуі тиіс Portugal Open-2020 турнирі маусым айына ауыстырылған болатын.

Алайда, індеттің беті бері қарамағандықтан, ұйымдастырушылар жарыс өткізуден бас тартты.

Әзірге, турнирдің нақты өткізілетін мерзімі әлі айтылған жоқ.