«Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік қақпашы Виктор Селиверстовпен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Қарағандылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт үш жылға жасалған.

20 жастағы қақпашы мансабын ЖХЛ-де өнер көрсеткен «Белые Медведи» хоккей клубында бастаған. 2017/18 маусымда командасымен Харламов кубогының жартылай финалына дейін жетті. Ол 3 маусымды челябинскілік клуб сапында 34 ойынға қатысты.