Ла Лига басшысы Хавьер Тебас Примераның қашан жалғасатыны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік «Соккер Ньюс» сайтына сілтеме жасап.

«Чемпионатты қайта жандандыру күні әлі белгіленбеген. Бұл мәселе жақын күндері шешіледі. Біз жиналыс өткізіп, кейбір мәліметтерді нақтылап, нақты уақытын жариялаймыз», - деді Тебас AS басылымына берген сұхбатында

Бұған дейін Примера маусымы 8 маусымда жалғасады деп хабарланған болатын.