Жоғарғы хоккей лигасында бақ сынайтын «Торпедо» командасының бас бапкері қызметіне Олег Болякин тағайындалды.

Өскемендік команда бас бапкерді қызметіне сақтап қалғысы келген. Алайда бүгін Алексей Ждахин көмекшілері Владислав Бульин мен Евгений Черепановпен бірге командадан кетті.

Өткен маусымда «Алтайдың» жастар командасын жаттықтырған Олег Болякин енді «Торпедоны» тізгіндейді.

54 жастағы маман «Торпедоны» 2010-2012 жылдары жаттықтырған еді. Сондай-ақ, «Ермак», «Бейбарыс», «Алматы», «Сарыарқа», «Ертіс» және «Қазақмыс» командаларында қызмет еткен.