NBA-дағы «Нью-Йорк Никс» клубының бұрынғы баскетболшысы Патрик Юинг коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat сайтына сілтеме жасап.
«COVID-19 сынамам оң нәтиже көрсеткенін хабарлағым келеді. Бұл қауіпті вирус және оған немқұрайлы қарауға болмайды. Бәрін сақтық шараларын сақтап, өзі мен жақындарына көңіл бөлуге шақырамын», - деп жазды Юинг Твиттерде.
Еске салайық, қазір Юинг NCAA-дағы «Джорджтаун» командасын жаттықтырады.
Комментарии