Португалия Примерасының баспасөз қызметі коронавирустың кесірінен тоқтаған маусымның қайта басталатын күнін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

25-тур 3 маусымда басталады. Тоқтатудан кейін бірінші болып "Портимоненси" мен "Жил Висентаның" арасындағы матч өтеді.

24 турдан кейін кестеде 60 ұпай жинаған «Порту» көш бастап тұр.