«Ахмат» клубының құрметті президенті және Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың коронавирусқа байланысты жағдайы ауыр. Бұл туралы Baza телеграм-арнасы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

.Дереккөздің хабарлауынша, Қадыровтың өкпесіне зақым келген.

Республика басшысы Covid-19 вирусын осыдан үш апта бұрын коронавируспен ауруханада жатқан Шешенстанның Урус-Мартан ауданының басшысы Валид Абдурешидовқа барғанда жұқтырған делінеді.

Бұған дейін «Ахматтың» бас директоры Ахмед Айдамиров Кадыровтың денсаулығы жақсы және Шешенстаннан кетпегенін айтқан болатын.