Қазақстан футбол федерациясы Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев кәсіпқой турнирлерді қайта өткізуге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осыдан біраз уақыт бұрын ҚФФ Атқару комитеті футзал жарыстарын осы жылдың тамыз айынан бастап қайта бастайды деген жалған ақпарат тарады.

Бұл хабарламаны жоққа шығара отырып, спорттық және басқа да іс-шараларды жандандыру туралы шешімдер уәкілетті мемлекеттік органдардың айрықша құзыретінде екенін еске салғым келеді», деді Әбілдаев.

Қазақстандық маман жарыстардың өтетін мерзімі мен футзалдан әлем чемпионатының келесі жылға ауыстырылуы туралы да пікір білдірді.