Константин Емельянов енді "Оренбург" клубының бас бапкері емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб келісімшартты жаңартпауға шешім қабылдады. Илшат Айткулов уақытша бас бапкер болып тағайындалды. Емельянов клубқа 2019 жылдың желтоқсанында келген еді.

Маусым тоқтатылған кезде «Оренбург» РПЛ кестесінде 13-орынға тұрақтады.

Еске салайық, қазақстандық футболшы Исламбек Қуат ресейлік клуб сапында ойнайды.