Ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Шеннон Бриггс Майк Тайсонмен келісім туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы боксшылар жекпе-жек өткізеді.

«Мен Майк Тайсонмен жаңа ғана сөйлестім, біз жұдырықтасамыз. Бұл ресми. Өздеріңіз куә боласыздар» - деді Бриггс.

Айта кетейік, 48 жастағы Бриггс бұл сөздерді 18 мамырда айтқан.

Еске салсақ, 53 жастағы Тайсон рингке қайта оралатындығын мәлімдеді.