Халықаралық шаңғы спорт федерациясы жаңа маусымдағы әлем кубогы кезеңдерін қалай өткізу қажеттігін талқылап жатыр.

FIS комитетінің мүшесі Оге Шинстадтың айтуынша, қазіргі таңда кубоктық кезеңдерді өткізудің үш нұсқасы қарастырылуда.

1. Әлем кубогы кезеңдерін жоспарланған жарыс кестесі бойынша өткізу. Бүгінде Франция мен Чехиядан басқа ұйымдастырушылардан мақұлданған хабар келді.

2. Өткізілмейтін әлем кубогы кезеңдерінің орнына жаңа кезең қосу. Мұның ішінде, орталық Еуропада жарыс өткізу де жоспарлануда.

3. Маусымды кейінге қалдырып, оның орнына ұлттық және құрлықтық кубоктық жарыстар өткізу.