Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласындағы әлем кубогінің төртінші кезеңі түбегейлі өтпейтін болды. Наурыз айына жоспарланған жарыс бірнеше рет ауыстырылған еді.

Ұйымдастырушылар турнирді жарыс кестесінен алып тастады.

Айта кетелік, бұған дейін көркем гимнастикадан әлем кубогінің бесінші кубогі де кейінге шегерілген. Ал 21-23 наурызға жоспарланған Киевтегі әлем кубогі кезеңі әлі де жарыс кестесінде тұр.

Ұйымдастырушылар турнирді белгісіз уақытқа шегерді. Бүгінге дейін көркем гимнастикадан Ресей, Эстония және Чехиядағы үш кезең өткізілді.