Елордалық «Барыс» ҰХЛ-да өнер көрсеткен Шарль Юдонмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы ресейлік «Советский спорт» басылымы хабарлады.

Шарль Юдон соңғы маусымды Ұлттық хоккей лигасында «Монреаль Канадиенс» командасында өткізді.

Ол өткен маусымда ҰХЛ-да 15 матчқа қатысып, 2 (1+1) ұпай ғана жинаса, АХЛ-да өткізген 46 ойында 35 мәрте (27+8) көзге түскен.