Жақында Ресей үкіметі РПЛ маусымын қайта жалғастыруға рұқсат беруі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорт-Экспресс хабарлағандай, чемпионатты жалғастыру туралы шешім осы аптаның соңына дейін қабылдануы мүмкін.

Еске сала кетелік, Ресей Премьер-лигасын жалғастыру 21 маусымда бастауға тиіс. 22 турдан кейін чемпионат көшін «Зенит» бастап келеді.

Қазіргі уақытта Ресейде коронавируспен ауыратын 300 мыңнан астам науқас анықталған.