Елордалық «Барыс» 3 спортшымен жаңа келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаушы Егор Шалапов келісімшартын 2 жылға ұзартса, қақпашы Хенрик Карлссонмен 2021 жылдың мамыр айына дейін команда сапында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, «Барысқа» шабуылшы Мэтт Фрэттин қайта оралды. Ол біржылдық келісімшартқа отырды.