Мохаммед Салах Мысыр елінде ұлт қаһарманы ретінде бағаланады, деп жазады Prosports.kz.

Алайда өз елінде Салахтың атын теріс әрекетке пайдаланатындар да табылады екен. Жақында қаруланған 4 азамат Салах бейнесіндегі бетперде киіп дүкен тонамақ болған.

Тонаушылар ел астанасы Каир қаласының маңындағы бір дүкенді тонауды жоспарлаған. Алайда полиция оларды тұтқындады.