Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов коронавирус инфекцияның қауіпіне күмәнмен қараған адамға жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Спортшының инстаграм парақшасындағы оқырмандарының бірі коронавирусты «алаяқтық» деп пікір қалдырған.

Хабиб бұған былай деп жауап берді:

«Менің ауылымда 500-ден астам адам бірден пневмониямен ауырып, 11 адам қайтыс болды, тағы ондаған адам ауруханада жатыр. Ал көрші ауылда бір түнде 14 адам қайтыс болды. Кешіріңіз, мен сіздей ақылды емеспін».