Алматылық «Қайраттың» экс-ойыншысы Андрей Аршавин Instagram желісіндегі парақшасына тау болып үйілген отынның суретін жариялап, «Құрамды «жіліктеп» көрейік» деп жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аршавин фотосуретке бұрынғы командаластары: Павел Погребняк, Александр Кержаков, Вячеслав Малафеев, Владислав Радимов, Владимир Быстров, Анатолий Тимощук пен Александр Соколенколарды белгілей кеткен.

Радимов жазбаға «Сволочьььььь» деп пікір қалдырған.

Еске сала кетелік, Аршавин 2019 жылы «Зенит» академиясы жанындағы Жаттықтырушылар біліктілігін көтеру орталығында С категориялы бапкерлік лицензияға ие болған.