«Барыс» канадалық шабуылшы Мэтт Фрэттинмен келісімшартқа отырғанын ресми хабарлады.

32 жастағы хоккейші елордалық жанкүйерлерге жақсы таныс. Бұған дейін ол «Барыста» 2017/18 және 2018/19 жылғы маусымдарда өнер көрсеткен еді.

Мэтт Фрэттин өткен маусымда «Ак Барс» командасының сапында ойнады.