Хоккейден халықаралық хоккей федерациясының ұйымдастыруымен виртуалды әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған дода аясында Қазақстан командасы Италияға жол берді. Виртуалды біріншілікте жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы Италиядан 3:4 еаебімен ұтылып қалды.

Осылайша, Қазақстан виртуалды әлем чемпионатында В тобында соңғы орынмен жарысты аяқтады.