Польшаның Hokej.net сайты Польша құрамасының жаттықтырушысы Томек Валтонен «Барыстан» бас тартпайды деп топшылап отыр, деп жазады Prosports.kz.

«Валтоненнің Польша құрамасымен келісімшарты аяқталды, бірақ маусым айында екі тарап келіссөз үстеліне отырады деп күтілуде. Алайда, Қазақстаннан келген ұсыныс фин бапкері үшін барлық жағынан тиімді екенін мойындау керек. Егер Валтонен «Барысқа» кететін болса, Польша құрамасының жаттықтырушысы қызметі Томаш Демковичке жүктеледі», - деп жазды сайт.

Егер Томек Валтонен «Барыс» командасының тізгінін ұстайтын болса, онда ол Ярославль «Локомотивіне» кеткен Андрей Скабелканы алмастырады. КХЛ-дің соңғы екі маусымында Скабелканың жетекшілігімен «Барыс» Шығыс конференциясында екінші орын алып, плей-оффтың екінші кезеңіне дейін жетті.

Фин бапкері Қазақстан құрамасы мен «Барысты» баптауға келісті

«Барыста» ең көп жалақы алатын хоккейші кім?

«Барысты» кім баптауы мүмкін?

«Барыс» негізгі қақпашысымен қош айтысты