Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор бокстан бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мэйвезерге қарсы қарымта жекпе-жек өткізгісі келеді.

– Керемет айқас ретінде есімде қалыпты. Бастапқы раундта, тіпті, соңында аяғым талған сәтте мен одан жылдам болдым. Осының арқасында танымал боксшылардың сеніміне ие болдым. Екінші жекпе-жекті өткізуге асықпын, - деп жазды Конор Макгрегор.

Айта кетейік, 2017 жылы Флойд Мэйвезер 10 раундта Конор Макгрегор техникалық нокаутпен жеңген еді.