Аты аңызға айналған «Чикаго Буллз» баскетболшысы Майкл Джорданның қолтаңбасы бар аяқ киімі Sotheby's-те 560 000 долларға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл Nike Air Jordan 1 кроссовкаларын Джордан 1984/85 жылдардағы дебюттік маусымда киген.

Кроссовкалар 2019 жылы орнатылған жұп кроссовкалар үшін алдыңғы аукцион рекордын бұзып, рекордтық сомаға сатылды.