Джексонвилде (Флорида штаты, АҚШ) UFC Fight Night 172 турнирі басты жекпе-жектерінің бірінде бразилиялық Клаудия Гаделья мен америкалық Анджела Хилл октагонда кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тартысты өткен жекпе-жек соңында төрешілердің бірі жеңісті Хилге, екеуі Гадельяға берді. Төрешілердің жалпы есебі - 29:28.

Клаудия Гаделья осылайша 18- жеңісі тойлады (еншісінде 4 жеңіліс бар). Осы жекпе-жектен кейін Хиллдің есебінде 12 жеңіс және 8 жеңіліс.

Фото ufcespanol.com