Мадридтік «Реалдың» жаңа маусымда өз алаңында киетін жейдесінің қандай екені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Корольдік клуб дәстүрлі ақ түсті жейде киюді жалғастырады. Тек жаңа киімнің ерекшелігі - екі жанындағы алқызыл түс пен манжеттегі қара-алқызыл түстің болуы.

Adidas компаниясы клубтың техникалық демеушісі болып қала береді.