Кәсіби теннисшілер ассоциациясы жарыстарды 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді.

Жарыс кестесіне мұндай өзгерісті енгізуге коронавирус пандемиясы себеп болған.

Аталған шешім тек қана ATP сайыстары емес, сонымен қатар ерлер арасындағы ITF турнирлеріне де қатысты.