«Барселонаның» бұрынғы директоры Роберто Фернандес каталониялық клубтың капитаны Лионель Месси туралы не ойлайтынын айтты.

«Месси ойын тізгінін қаншалықты алғысы келсе, соншалықты алады. Ол өте ақылды ойыншы. Ол басқалар ойлағаннан да ақылдырақ. Оның «Барселонада» өзін жайлы сезінгені маңызды. Егер ол өзін жақсы сезінсе, қалғандарға да жақсырақ болады», - дейді Фернандес Лас Провиниас.

Айта кетелік, Месси осы маусымда 31 ойын өткізіп, 24 гол соққан және 16 нәтижелі пас берген.