Қазақстандық ауыр атлеттер Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады.

Карантиннен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны Алматы облысында "Тау Ақ-бұлақ" Олимпиадалық орталығында өтуде.

Қауіпсіздік шарасын басты назарға ала отырып, жиынға тек санаулы спортшылар шақырылған. Жақын арада толық құрам қосылатын болады.