Биыл Түркияда өтеді деп жоспарланған IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2021 жылға қалды.

Мұндай шешім коронавирус пандемиясы кезінде спортшылардың және жарысқа қатысатын адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында қабылданған.

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2020 жылы күзде Түркияда өтуі керек еді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2014 жылы Қырғызстан бастамасымен ұйымдастырылды. Спорт жарысы үш мәрте Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтті. 2018 жылы жарысты өткізу мәртебесі алғаш рет Түркияға тапсырылды.

Сол кезде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ойынды өткізу құқығы Түркияға тапсырылғанымен, авторлық Қырғызстанда қалатынын мәлімдеген.