Аралас жекпе-жектегі танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитов халықты міндетті вакцинациялау туралы сыбысқа өзінің қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді өткір сынап жүретін спортшы, бұл жолы Instagram желісіндегі ресми парақшасына былайдеп жазды:

«Ей, Сендер ақылдарыңнан адасайын дедіңдер ме?! Егер сендер, депутаттар, біз үшін бірін шешіп қойсаңдар, біз үшін кепілдік берген болдыңдар ғой?! Онда, кәні былай істейік, сендердің балаларыңа алдымен тәжірибе жасап көрейік. Егер бәрі дұрыс болатын болса, егер олар белгісіз аурудан аман қалатын болса, онда біз жаппай екпе жасау туралы диалогқа дайынбыз. Ал әзірше, қарапайым халықты қырғынға ұшыратуды қойыңдар!»