ФИФА футзалдан әлем чемпионатын 2021 жылға ауыстырды. Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Алғашында чемпионат 2020 жылға жоспарланған болатын деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі әлем чемпионы атағы 2016 жылы топ жарған Аргентинаға тиесілі. Әлем чемпионатына 24 команданың 13-і жолдама алып үлгерді. Оның ішінде, Қазақстан құрамасы да бар. Коронавирус індетінің етек жаюына байланысты Азия чемпионаты кейінге қалдырылды. Айта кетелік, Қазақстан командасы элиталық раундтың іріктеу турнирінде алты ұпаймен D тобында көш бастады. Қазақстанмен бірге Чехия, Румыния, Словения сынға түсті.