Еуропадағы 150-ден астам клубтың намысын қорғайтын 300-ден астам фанаттар бірлестігі коронавирус пандемиясы жанкүйерлердің матчтарға қатысуына мүмкіндік бермесе, футбол маусымын тоқтату туралы үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Еуропа коронавирус кесірінен зардап шегіп отыр. Қоғамдағы денсаулық сақтау мәселесі бірінші орында тұруға тиіс. Сондықтан біз Еуропаның футболдан толықтай бас тартуын орынды деп санаймыз.

Турнирлердің жандануы тек экономикалық мүдделерге қызмет ететініне біз сенімдіміз. Алайда біз құзырлы органдардан стадионға баратын жанкүйердің денсаулығына қауіп төнбейтіндей болғанша футбол жарыстарын тоқтата тұруды сұраймыз», - деп жазылған Андреа Гай атты адамның Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Еуропадағы футбол маусымы наурыздың ортасында COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтады. Тек Беларусь чемпионаты ғана тоқтаған жоқ.