Халықаралық хоккей федерациясы ұйымдастырып жатқан хоккейден виртуалды әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы төртінші рет жеңіліп қалды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Қазақстан мен АҚШ арасында кездесу өткен болатын. Қазақстандық команда қарсыласына 3:4 есебімен жол берді. Келесі матч 15 мамыр күні Ресей құрамасына қарсы өтеді.