"Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Cyclismactu.net сайтына берген сұхбатында Халықаралық велоспорт одағы (UCI) жасаған жаңа күнтізбе туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, UCI керемет жұмыс атқарды. Бүгін бізге күнтізбе керек болды, UCI президенті және бүкіл команданы үлкен жұмыс күтіп тұрды. Олимпиадалық ойындар немесе еуро сияқты барлық маңызды турнирлер кейінге қалды, ал біз күн көру үшінжарыстарға қатысу өте маңызды. Сондықтан, UCI бұл күнтізбемен жақсы жұмыс жасады деп ойлаймын, ол әрине өте тығыз, бірақ мен ұйымдастырушыларды түсінемін. Велосипед жарысын көрермендер теледидардан көре алады, өйткені барлық басқа ірі іс-шаралар кейінге қалдырылды», - деді Винокуров.