UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макгрегордың қашан жекпе-жек өткізетінін айтты.

– Әзірге Конормен нақты жекпе-жек жайлы сөйлескен жоқпын. Хабиб пен Гэтжи қыркүйекте өтеді деп күтілуде. Сосын барып Конорға қарсылас ұсынамыз, - деді Дэйна Уайт.

Айта кетейік, Конор Магрегор бұған дейін Джастин Гэтжиді жекпе-жекке шақырған болатын, алайда ол Хабиб Нурмагомедовпен чемпиондық белбеуге таласатынын мәлімдеді.