UFC президенті Дана Уайт Жорж Сен-Пьерге UFC Даңқ залына қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сен-Пьер UFC-дің жартылай орта салмақтағы екі дүркін чемпионы және орта салмақта чемпион болды. Оның еншісінде 28 жекпе-жегі және 26 жеңісі бар. 2019 жылы 21 ақпанда ол спорттан кететінін жариялады.