53 жастағы атақты америкалық боксшы Майк Тайсон рингке оралу үшін жан алып, жан беріп жаттығып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қандай да бір істі ақылмен істесең, алынбайтын қамал қалмайды. Ақылмен жаттығайық. Ақылмен бабымызға енейік», — деп жазды Тайсон Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетелік, бұдан бұрын Тайсонның бірнеше жарнамалық жекпе-жек өткізгісі келетінін жазған болатынбыз.