«Сарыарқа» қақпашысы Эдуард Рейзвих қарағандылық клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы қақпашы мансабын новокузнецкілік «Металлург» сапында жалғастырады.

Қазақстандық клуб сапында ойыншы үш маусым өнер көрсетті. Былтыр командамен бірге Петров кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 2018/19 жылғы маусымдағы ЖХЛ-дың ең үздік қақпашысы атанды.

Бұған дейін қарағандылық клуб қақпашы Владимир Сохатскиймен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын.