Жеңіл салмақта UFC бұрынғы чемпионы Тони Фергюсон жерлесі Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жекте ауыр жарақат алған.

Жекпе-жектен соң Тони Фергюсон бірден ауруханаға жеткізілген. Бет тұсынан бірнеше жойқын соққы алған соң қан ұйылып, оң көзі ісіп кеткен еді. Ауруханада Фергюсонның көз маңындағы сүйектің сынғаны анықталды.

Айта кетейік, Джастин Гэтжи бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.