Мадридтік «Реал» ойыншысы Гарет Бэйлді жазда «Ньюкаслға» сатуы мүмкін.

Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Ағылшын командасының иесі Public Investment Fund компаниясы Бэйлді 400 миллион еуроға сатып алуға дайын.

Айта кетейік, Гарет Бэйл Мадридке 2013 жылы 100 миллион еуроға ауысқан болатын.