Shaiba.kz сайтына белгілі болғандай, қақпашы Эдуард Рейзвих «Сарыарқадан» кетіп, мансабын Новокузнецктің «Металлургінде» жалғастырады.

Қарағандылық клуб құрамында 29 жастағы қақпашы үш маусым ойнады. Өткен жылы ол командаға Петров кубогын жеңіп алуға көмектесті және ЖХЛ-дың ең үздік қақпашысы деп танылды.