Бүгін UFC 249 турнирі аясында америкалық Джастин Гэтжи отандасы Тони Фергюсонды техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектен кейін Джастин оған тағылған уақытша чемпиондық белбеуді лақтырып жіберді.

«Сізге бұл белбеу қажет емес пе! Неге оны лақтырып жібердіңіз?!» - деп сұрады жүргізуші.

«Маған түпнұсқасы керек» - деп жауап берді Гэтжи.

Еске сала кетейік, енді Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасуы керек.

Сурет: twitter/ufc.