Шабуылшы Артем Антипов ЦСКА-дан кетіп, мансабын «Юграда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 25 жастағы хоккейші «Звездада» ойнады. Кезекті ЖХЛ чемпионатында 38 кездесу өткізіп, 25(10+15) ұпай жинаған, плей-оффтың 9 ойынында 5(3+2) ұпай еншіледі. Ал 2015 жылдан бері ЦСКА жүйесінде болған қазақстандық хоккейші армияшылар сапында бар болғаны 7 ойын ғана өткізді.

Еске салайық, Артем Антипов - Өскемен хоккей мектебінің түлегі. 2011 жылы ол Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында ойнады. Оның әкесі Сергей Антипов бес әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған.